Игорь Сон: Жаттығу жиыны мен үшін жеңіл басталды
Ауыр атлетикадан Қазақстан командасы Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
<span>Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Игорь Сон команданың карантиннен кейінгі алғашқы басқосуына баға берді. </span>
<span>«Қазір жиын бірқалыпты өтуде, барлығы ойдағыдай. Жаттығу жоспары өте жақсы ойластырылған. Демалысқа да, қалыпқа келуге де уақыт бар. Карантин кезінде өзімнің дайындық режимім болған соң, жаттығу жиынына оңай кірісіп кеттім.</span>
<span>Аптасына алты рет Үштөбеге жаттығуға бардым. Сондықтан, бос отырдым деп айта алмаймын. Әзірге, алдағы жарыстар туралы анық ақпарат жоқ. Жақын арада бәрі қалпына келіп, жарысқа қатысамыз деген ойдамын», - дейді спортшы. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или