Хоккей

«Витязь» - «Барыс» матчы өтетін күн белгілі болды

«Витязь» - «Барыс» матчы өтетін күн белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) «Витязь» - «Барыс» матчының өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚХЛ спорттық регламентінің 55-бабына сәйкес және клубтармен келісе отырып, чемпионат матчы өтетін жаңа күнді белгілеу туралы шешім қабылданды. «Витязь» - «Барыс» кездесуі 2021 жылы 23 қаңтарда өтеді.

Сонымен, «Барыстың» кейінге шегерілген алты ойынының бесеуі өтетін күн анықталды. Тек «Северстальге» қарсы матч өтетін күн кейін белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, командада коронавирустың шығуына байланысты елордалық клуб карантинге жіберілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер