«Сарыарқа» құрамын әлем чемпионы толықтырды
Шабуылшы Никита Двуреченский «Сарыарқаға» ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қарағандылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен маусымды 29 жастағы хоккейші Беларусьта бастаған. «Шахтер» мен «Неман» арасындағы 24 матчта ол 8 (2+6) ұпай жинады. Кейінірек шабуылшы «Нефтяник» командасына көшіп, онда 15 ойында 5 (3+2) ұпай жинады.
Айта кетейік, ойыншы - Ресей құрамасындағы жастар командалары арасында әлем чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или