«Ауыр жекпе-жек болды». Шәріпов АСА-дағы дебюті туралы айтты

«Ауыр жекпе-жек болды». Шәріпов АСА-дағы дебюті туралы айтты

Қазақстандық файтер Нұрберген Шәріпов «Вестник ММА» Youtube-арнасына берген сұхбатында ACA 111 турниріндегі жекпе-жектен кейінгі эмоциясымен бөлісіп, басқа салмаққа ауысқысы келетінін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

Еске сала кетейік, Шарипов (10-2) Мәскеуде өткен ACA 111 турнирінде сәтті өнер көрсетті. Ол ресейлік промоушен аясындағы алғашқы кездесуінде жергілікті спортшы Тамерлан Кулаевты (11-2) төрешілердің шешімімен жеңді

Жекпе-жектен кейінгі эмоцияңыз:

- Жарақатым болғандықтан бір жылға жуық уақыт жекпе-жек өткізген жоқпын. Менде артық салмақ болды, содан арылуды көздедім.

Қарсыласыңыз туралы:

- Өте салмақты қарсылас кездесті. Ол лигада жиі жеңіске жетіп жүрді. Мен қарсылас таңдамаймын. Олар кімді береді - сонымен кездесем. Бұл ауыр жекпе-жек болды.

Алда кіммен кездескіңіз келеді:

- Павел Витрукпен жұдырықтассам деймін.

Салмағыңыз туралы:

- Болашақта 66 келіге көтерілгім келеді.

ACA-мен келісімшартыңыз туралы:

- Келісімшартым алты жекпе-жекке арналған. Лигада екі-үш жыл өнер көрсететін шығармын.

Стиліңіз туралы:

- Еркін күрес жаныма жақын. Өзгелер менде америкалық стиль бар екенін айтады.

Айта кетейік, дәл осы турнир аясында қазақстандық файтер Артем Резников (22-6) негізгі жекпе-жекте бұрынғы ACB чемпионы Юсуф Раисовты (16-2) жеңді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или