Әділ Боранбаев ресейлік файтерге есе жіберді

Элисте аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 97 турнирі аяқталды. Қазақстандық Әділ Боранбаев (16-6) бұл турнирде ресейлік Алексей Махномен (19-6) кездесті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі Fight Nights Global<span> </span>баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті ресейлік файтерге берді. Әділ Боранбаев болса, бір шешіммен келіспейтінін айтты.
Айта кетейік, бұл кездесуге дейін қазақстандық файтер қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или