«Алматинский Легион» «Динамоға» жол берді

«Алматинский Легионның» баскетболшылары ерлер арасындағы ресейлік Суперлига аясында өз алаңында мәскеулік «Динамодан» ұтылып қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы кезеңде қонақтар төрт ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті – 17:13. Үзілістен кейін динамолықтар есептегі басымдығын он ұпайға дейін ұлғайта алды, бірақ алматылықтар соңына таман күш жинап, есеп айырмасын қысқартты – 21:24. Ал үшінші кезең алаң иелері үшін сәтті өтіп, алғаш рет кездесуде басымдық танытты – 27:26. Дегенмен төртінші кезеңде мәскеуліктер әдемі нотамен аяқтады – 24:20. Жалпы есеп «Динамоның» пайдасына – 91:81.

«Алматинский Легион» (Алматы) – «Динамо» (Мәскеу) 81:91 (13:17, 21:24, 27:26, 20:24)

«Алматинский Легион»: Фадейкин (23), Михеев (15), Воейков (14), Р. Марчук (12), Кожанов (10), Свиридов (4), Евстигнеев (2), Амирханов (1).

«Динамо»: Кузнецов (15), Карпеко (13), Дуду (12), Захаров (11), Трушкин (10), Фомин (8), Громыко (8), Аннаев (6), Голдырев (5), Федюшин (3).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или