ҚХЛ «Барыстың» 6 матчын кейінге қалдырды

Құрлықтық хоккей лигасы командада коронавирус анықталуына байланысты «Барыстң» матчтарын кейінге қалдырғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы елордалық клуб ресми хабарлады.
<span>Ресми ақпаратқа сүйенсек, «Барыстың» 18 қыркүйекте ригалық «Динамо», 20 қыркүйекте «Северсталь», 22 қыркүйекте «Металлург», 21 қыркүйекте «Куньлунь», 29 қыркүйекте «Витязь» және 1 қазанда «Сочи» командаларымен өтуі тиіс ойындары кейінге шегерілді.</span>
<span>«Команданың 12 мүшесінен және жаттықтырушылар құрамынан коронавирустың шығуына байланысты ұжым екі апталық карантинге жабылады.</span>
<span> Кейінге шегерілген ойындар енді қашан өтетіні туралы Құрлықтық хоккей лигасы басшылары алдағы уақытта қосымша ақпарат береді», - деп жазды ҚХЛ баспасөз қызметі.</span>
Вирус жұқтырғандардың аты-жөні әзірге белгісіз.