ММА

«Бәрі сандырақ». Хамитов сөзінен бас тартқан жоқ

«Бәрі сандырақ». Хамитов сөзінен бас тартқан жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов дезинфекциялаушыларға күш қолдану керек деген сөзіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы кезекті видеомәлімдемесін инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жасады.

Спортшы тергеуден босатылғанын және 25 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жек алдында жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Қуат дезинфекциялаушыларды ұрып-соғу керек деген сөздерінің әзіл-қалжың екенін айтты. Бірақ дезинфекция жұмыстары дұрыс жүргізілмейді деген санайтынын айтты.

Айта кетейік, Қуат Хамитов сегізбұрышқа 25 қыркүйекте оралады. Мәскеуде өтетін FIGHT NIGHTS GLOBAL 98 турнирінде Олег Косиновқа қарсы жекпе-жек өткізеді.

Қуат «Найман» Хамитов тәртіпсіздікке шақырды деген күдікпен полицияға жеткізілді

«Найман» полиция ұстаған соң мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер