АҚШ президенті Хабиб пен Гэтжи арасындағы жекпе-жекті тамашалауға уәде берді

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлау науқанында сайлаушылармен кездесу барысында UFC файтерлерімен де жолықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Трамп жақында өтетін Джастин Гэтжи - Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек жайлы айтты.
«Әлемдегі үздік файтерлердің бірі Гэтжи қазіргі таңдағы рейтингтің бірінші нөмірімен шайқасады. Джастин оны нокаутқа жіберетінін айтты. Көреміз. Жекпе-жек дәл сайлау алдында өтеді, бірақ мен оны тамашалаймын. Маған сенсеңсіздер болады. Іске сәт! Джастин - мықты файтер», - деді Дональд Трамп.
Еске салайық, 24 қазанда жеңіл салмақтағы чемпион Хабиб Нурмагомедов UFC 254 басты додасында Гэтжимен жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или