Макгрегор: Бұдан артыққа шыдай алмаймын, жігерім жасыды

Макгрегор: Бұдан артыққа шыдай алмаймын, жігерім жасыды

Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегорға Францияда зорлық-зомбылық көрсетті деп айып тағылған соң мәлімдеме жасады.

Спортшының сөзінше, ол қазір өмірінің қиын кезеңін бастан өткеруде. Макгрегор Корсикадағы бардың бірінде белгісіз бір әйелдің көзінше шешінген. 

– Мен бұдан артыққа шыдай алмаймын, жігерім жасыды. Тек балаларым мен маған қолдау білдірген үшін ғана мықты болуға тырысамын, – деп жазды спортшы Twitter-парақшасында. Алайда кейіннен жазасын өшіріп тастаған.

Жергілікті прокуратураның мәлімдесіне сенсек, 10 қыркүйек күні сексуалды зорлық-зомбылық көрсетті деп танымал спортшының үстіне шағым түскен. 

Жерорта теңізінің жағалауында сүйіктісі Ди Девлинмен демалысын өткізіп жатқан спортшыны жандармерия қамауға алып, тергеуден соң босатқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или