Командалық

NBA: Жаңа маусым Рождество мерекесінен бұрын басталмайды

NBA: Жаңа маусым Рождество мерекесінен бұрын басталмайды
news-banner7
mobile-news-top

Келесі NBA маусымы Рождествоға мерекесінен (25 желтоқсан) бұрын басталмайды. Бұл туралы The Athletic журналисі Шэмс Чарания өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

NBA кеңсесі қауымдастықтың басқарушылар кеңесін хабардар етіп қойды. 2020/21 маусымының басталу күні әлі анықталған жоқ, НБА-ның драфты 18 қарашаға жоспарланған.

Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында үзілген 2019/20 NBA маусымы тамыз айында қайта басталды және Орландо кампусында ойнатылып жатыр. Матчтар көрерменсіз өтуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер