Футзал

Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі кейінге шегерілді

Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі кейінге шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz тілшісіне белгілі болуынша, футзалдан Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі тағы да кейінге шегерілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін рәсім 2 қыркүйектен 15 қыркүйекке ауыстырылған болатын.

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін сақтық шаралары жасалғанына қарамастан, футбол матчтары кезінде вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркеліп отыр.

Сондықтан УЕФА футзалдан Чемпиондар лигасының форматын қайта қарауды жөн көрді. Рейстер мен сапарларды қысқарту мүмкіндігі қарастырып жатыр. Атап айтқанда, турнир форматын өзгертіп, географиялық принцип бойынша өткізу, яғни топтарға бөлуді жоспарлап отыр.

УЕФА-ның Атқарушы комитеті жақын арада шешім қабылдап, жеребе тарту рәсімі өтеін күнді жариялайды.

«Қайрат» АФК 2020/21 маусымына жасақталған команда құрамын жариялады

Еуропа чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер