Теннис

Еуропа чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі

Еуропа чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Швейцарияның Ньон қаласында 2022 жылғы Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан құрамасы 5 топқа түсіп, Беларусь және Венгрия ұжымдарымен, оған қоса Израиль – Кипр жұбының жеңімпазымен кездеседі.

2020 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсеткен үшін Қазақстан құрамасы EURO-2022 іріктеуін бірден үшінші айналымнан бастайды.

Қазақстан іріктеу кезеңіндегі ойындарын 6 желтоқсаннан бастап өткізеді. 32 құрама төрт-төрттен 8 топқа бөлінеді. Әр топтың жеңімпазы мен екінші орын алған алты үздік командалар Еуропа біріншілігіне жолдама алады.

2022 жылғы Еуропа чемпионаты Нидерланд елінде 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер