ММА

UFC Vegas 9 турнирінде Оверим Сакаиді техникалық нокаутпен жеңді

UFC Vegas 9 турнирінде Оверим Сакаиді техникалық нокаутпен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін түнде Лас-Вегаста UFC Vegas 9 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі шайқаста Алистар Оверим мен Аугусто Сакаи төбелесті. Жекпе-жек бесінші раундта Оверимнің жеңісімен аяқталды. Төрешілер техникалық нокаут тіркеді.

Ардагер Алистар үшін бұл мансабында 47-ші жеңісі болды. 18 мәрте ұтылған. Ал 18-ші жекпе-жегін өткізген Сакаи екінші рет жеңіліс құшты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер