АПЛ клубтары жаңа маусымда 600 миллион шығынға ұшырауы мүмкін

2020/21 жылғы маусымда Англия Премьер-лигасындағы клубтардың болжамды шығындары коронавирус салдарынан 540 миллион фунт стерлингке жетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Financial Times газетінің хабарлауынша, бұл жағдайға тіпті қазан айында жоспарланған Премьер-Лига матчтарында трибуналардың ішінара ашылуы да әсер етпейді.
«Біз өз бизнес модельдерімізді трибуналарды 98-100% толтыруға негіздеп құрдық. Одан аз нәрсе біз үшін проблемаға айналатыны анық. Бұл қаржылық кедергіге әкеп соғады», - деді «Брайтон энд Хоув Альбионның» бас директоры Пол Барбер.
Бейсенбіде Премьер-Лига пандемияға байланысты төлемдердің кешіктірілуіне байланысты даулар бойынша қытайлық PPTV хабар таратушысымен 700 миллион долларлық үш жылдық келісімшартты бұзды.
Өткен маусымда коронавирус пандемиясының салдарынан Премьер-Лига 850 миллион фунт стерлинг жоғалтты.