Хоккей

Латвия хоккейден әлем чемпионатын өткізуден бас тартуы мүмкін

Латвия хоккейден әлем чемпионатын өткізуден бас тартуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Латвия премьер-министрі Кришьянис Кариньш Халықаралық шайбалы хоккей федерациясын (IIHF) хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатын Беларусьте өткізбеуге шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған Беларусь еліндегі президенттік сайлауға байланысты өтіп жатқан митингтер себеп болды.

«Біз чемпионатты Беларусь астанасынан басқа жерге ауыстыру туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясымен келіссөздерді бастадық. IIHF-тен Беларусьтің орнына басқа ел табуын сұрадық. Егер федерация бұдан бас тартса және Беларусьтегі жағдай өзгермесе, Латвия үкіметі 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатын қабылдаудан бас тартуы мүмкін. Беларусьте орын алып жатқан соңғы оқиғалардан кейін, хоккей чемпионатын қалай бірлесіп ұйымдастыра алатынымызды елестетудің өзі қиын», - деді Кариньш.

Айта кетейік, хоккейден әлем чемпионаты Ригада (Латвия) және Минскіде (Беларуссия) 2021 жылдың 21 мамыры мен 6 маусымы аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер