ММА

UFC 254: Морозов – Нурмагомедов жекпе-жегінің ресми постері жарияланды

UFC 254: Морозов – Нурмагомедов жекпе-жегінің ресми постері жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Arlan MMA Pro Team атынан өнер көрсететін қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) Инстаграмда келесі жекпе-жегінің постерін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Сергей Морозов UFC-дегі дебютін 24 қазанда UFC 254 турнирінде өткізеді. Қазақстандық файтер алғашқы жекпе-жегінде UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасады.

UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи кездеседі.

Айта кетейік, Сергей Морозов қазіргі уақытта M-1 Global чемпионы. Ол соңғы жекпе-жегін M-1 Challenge 105,турнирінде Джош Реттингхаузға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Тамыз айындағы рейтинг: Қазақстандық файтерлердің көрсеткіші қандай

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер