Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста жүлдегер атанды

Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста жүлдегер атанды

Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло халықаралық Кубок додасында күміс жүлдені алқалады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыс онлайн-форматта өтті. Қос сайыста 200 (85+115) келіні бағындырған Зүлфия Чиншанло екінші орын алды.

Өзбекстан спортшысы Муаттар Набиева 205 (95+110) келі көрсеткішпен топ жарса, Польша өкілі Йонна Лочовска қола жүлдені иемденді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или