Бокс

«Головкиннің 35 жасқа толғанын күтті». Альварестің қарсылас таңдау тәсілі сынға ұшырады

«Головкиннің 35 жасқа толғанын күтті». Альварестің қарсылас таңдау тәсілі сынға ұшырады
news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com сайтының сарапшысы Шон Джонс мексикалық Сауль Альварестің қарсылас таңдау тактикасына наразы екенін жеткізді, деп жазады Prosports.kz.

Сарапшының ойынша, «Канело» мақсатты түрде бабында емес боксшыларды әдейі таңдайды. Сөйтіп, мансабындағы құлдырау кезеңінде тұрған қарсыластарды жеңуге дағдыланған. Соның айқын мысалы - қазақстандық Геннадий Головкин мен ресейлік Сергей Ковалевке қарсы жекпе-жектер.

- «Канело» сияқты боксшылар тәуекелге барғаннан гөрі, жеңілірек жекпе-жектерді өткізгенді ​​жөн көреді. Альварес өткен жылы қарашада жартылай ауыр салмаққа ауысып, WBO чемпионы Сергей Ковалевті жеңді. Әрі мансабындағы төртінші дивизионда әлем чемпионы атанды.

Сіз мүмкін мұны бағалайтын шығарсыз. Бірақ «Канело» бұл салмақта чемпион атанғысы келсе, неге IBF және WBC чемпионы Артур Бетербиевті немесе WBA чемпионы Дмитрий Бивол таңдамады. Олардың орнына 36 жастағы Ковалевті таңдады? Жанкүйерлер «Канелоның» Бетербиевпен немесе Бивольмен жекпе-жегін көргісі келді. Бірақ ол осы талантты боксшылармен емес, қауқары қайта бастағн Ковалевпен жұдырықтасты.

Альварес неліктен Головкин 35 жасқа толғанша күтті? Головкин көп жылдар бұрын «Канеломен» жекпе-жек өткізгісі келген. Бірақ оның бұл жекпе-жекті көп уақыт күтуіне тура келді, - деп жазды ол.

2020 жылғы ТОП-5 жекпе-жек: Тізімде GGG - «Канело» трилогиясы да бар

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер