Хоккей

АҚШ-та өнер көрсеткен қазақстандық ойыншы «Барысқа» ауысты

АҚШ-та өнер көрсеткен қазақстандық ойыншы «Барысқа» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы қазақстандық қорғаушы Тамирлан Гайтамировпен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Ойыншымен келісімшарт бір маусымға жасалған.

20 жастағы ойыншысы соңғы бірнеше жылын Солтүстік Американың түрлі жасөспірімдер лигаларында өткізді. Тамирлан осының алдында «Дес Мойнс» клубында өнер көрсетті. Аталған команда сапында 23 матчқа қатысып, 3 нәтижелі пас шығарды.

Айта кетейік, Чехияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Гайтамиров Қазақстан жастар құрамасының капитаны болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер