ММА

UFC Vegas 7 турнирі: Басты жекпе-жекте Эдгар Муньосты ұтты

UFC Vegas 7 турнирі: Басты жекпе-жекте Эдгар Муньосты ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 7 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы файтерлер - бразилиялық Педро Муньос пен америкалық Фрэнки Эдгар кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшылар жоспарлған бес раунд бойы төбелесті. Жекпе-жектің жеңімпазы төрешілер шешімі арқылы анықталды. Бір төреші бразилиялыққа жеңісті берді (49:46), қалған екеуі Эдгарды жеңімпаз деп санады (48:47, 48:47).

Эдгардың рекорды қазір 23 жеңіс, 8 жеңіліс және 1 тең нәтиже.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер