АСА 110 турниріне көрерменнің келуіне рұқсат берілді

АСА 110 турниріне көрерменнің келуіне рұқсат берілді

ACA ұйымының президенті Алексей Яценко «Баскет Холл Москва» аренасында өтетін 110 турнирге көрерменнің келуіне рұқсат етілгенін хабарлады.

– Мәскеудегі АСА 110 турнирі 5 қыркүйек күні «Баскет Холл Москва» аренасында көрермендердің қатысуымен өтеді. Алайда келетін көрермендердің саны шектеулі болмақ, - деді Яценко.

Турнирдің басты жекпе-жегі орта салмақ дәрежесіндегі Али Багов пен Мурад Абдулаев арасында өтеді. Баговтың еншісінде 29 жеңіс пен 10 жеңіліс бар. Абдуллаев 18 жеңіс пен 4 жеңіліске ие болған. Турнирдің тағы бір негізгі кездесуі Эдуард Вартанян пен Мухамед Коков арасында өтпек.

Көрермендер саны шектеулі болады. Билеттер 27 тамызда сатылымға түседі.

ACA 110 турнирінің карды:

Али Багов — Мурад Абдулаев
Эдуард Вартанян — Мухамед Коков
Нурсултан Касымханов — Алихан Сулейманов
Курбан Тайгибов — Рамазан Кишев
Жарабек Тешебаев — Асхаб Зулаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или