Агапова UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде кіммен кездескісі келетінін айтты

Агапова UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде кіммен кездескісі келетінін айтты

Қазақстандық файтер Мария Агапова (9-1) UFC Vegas 7 турнирі қарсаңында өткен виртуалды баспасөз мәслихатына қатысты, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз әлемдегі жетекші MMA промоушені аясындағы үшінші жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

«Мен Трейси Кортеспен тағы бір кездесуді қалаймын, өйткені ол мені жеңген жалғыз спортшы. Көптеген жанкүйер онымен реванш өткізгенімді қалайды», - деді Агапова.

Америкалық Трейси Кортес Мария Агапованы 2019 жылдың 30 шілдесінде өткен Dana White's Contender Series турнирінде жеңген болатын.

Айта кетейік, Мария Агапова 13 шілдеде UFC-дегі дебютін сәтті өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті бірінші раундта жеңген болатын.

22 тамыз күні Лас-Вегаста қазақстандық спортшы екінші кездесуін өткізеді. Қарсыласы - АҚШ файтері Шана Добсон.

Агапова Parimatch брендінің ресми бренд-амбассадоры атанды

UFC: Мария Агапова қатысатын кештің промо-ролигі жарияланды

«Жекпе-жекке бір апта қалды». Мария Агапова фотосессиядан суреттер жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или