Агапова Parimatch брендінің ресми бренд-амбассадоры атанды
Parimatch компаниясы мен UFC файтері Мария Агапова (9-1) ортақ келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.
Агапова енді халықаралық онлайн букмекерлік кеңсенің ресми бренд-елшіс (бренд-амбассадоры) атанды.
Ultimate Fighting Championship тарихындағы алғашқы қазақстандық спортшы қыз аталған келісімшартқа байланысты өз пікірін айтты.
«Бұл батыл және үздік бренд, тек жеңуге шақырады! Мен Қазақстандағы спортты қолдайтын және дамытатын компанияның құрамына кіргеніме қуаныштымын. UFC одан да танымал болады деп үміттенемін! Ұрыстарды бақылап, жеңіске ұмтыл!», - деді Мария Агапова.
Айта кетейік, Мария Агапова 13 шілдеде UFC-дегі дебютін сәтті өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті бірінші раундта жеңген болатын.
22 тамыз күні Лас-Вегаста қазақстандық спортшы екінші кездесуін өткізеді. Қарсыласы - АҚШ файтері Шана Добсон.
Parimatch - 26 жылдық тарихы бар халықаралық онлайн-букмекерлік кеңсе. Біздің елден басқа, компания Ресейде, Украинада, Беларуссияда, Үндістанда, Қытайда, Кипрде, Танзанияда және Тәжікстанда жұмыс істейді.
Букмекерлік кеңсенің ресми бренд-амбассадоры - UFC жұлдызы Конор МакГрегор. Қазақстанда бұл брендпен ММА файтері Артем Резников, «Қайрат» футзал клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита, Виктор Коточигов келісімшартқа отырған. Брендтің ресми серіктестері - АФК «Кайрат», ФК «Астана» және ФК «Ақтөбе».