Әлем футболы

Месси «Барселонадан» кетуге бел буды

Месси «Барселонадан» кетуге бел буды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Бавариядан» 8:2 есебімен ойсырай ұтылды, деп жазады Prosports.kz.

Осы масқара жеңілістен кейін каталониялық клубта бірқатар өзгеріс орын алуы мүмкін. Оның біріншісі бас бапкер Кике Сетьен қызметінен қуылады.

Одан да маңыздысы көшбасшы ойыншы Лионель Месси де командадан кетуі мүмкін.

Футболшы клубтың басқару жүйесі мен басшылығынан көңілі қалғанын айтады. Месси командадан 2021 жылдың маусымында, клубпен келісімшарт мерзімі аяқталған кезде кетеді.

Егер команда басшылығы түбегейлі өзгеріс енгізіп, жағдайды түзесе ғана аргентиналық шабуылшы шешімін өзгертуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер