Футбол маманы Халимжан Ержанов қайтыс болды
Футбол маманы Халимжан Ержанов 57 жасына қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы <span>«Тобылдың» баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.</span>
<span>«Тоқсаныншы жылдардың соңында Халимжан Сағидоллаұлы «Тобылдың» ел чемпионатына қайта оралуы үшін үлкен жұмыс атқарды. Рас, біздің команданың көптеген табыстары осы кісінің есімімен тығыз байланысты, оның ішінде біріншіліктің жалғыз алтыны бар.</span>
<span>Соңғы жылдары Халимжан Ержанов «Орталық» стадионында лауазымды қызметтер атқарды», - делінген хабарламада.</span>
Халимжан Ержанов көптеген жыл бойы «Тобыл» клубының басшылығында жұмыс істеді - бас директор, директор және клуб президенті қызметін атқарды. Сондай-ақ, ол павлодарлық «Ертіс» пен «Астанадағы» жұмысымен де танымал. Одан бөлек, Ержанов Ұлттық футбол лигасының жетекшісі болған.
Prosports.kz ұжымы Халимжан Ержановтың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.