ММА

Нурмагомедов - Гэтжи жекпе-жегі 2020 жылы өтеді

Нурмагомедов - Гэтжи жекпе-жегі 2020 жылы өтеді
news-banner7
mobile-news-top

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Абдель-Азиз өз клиентінің мәнсабын аяқтамағанын растады, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Функционердің айтуынша, Хабиб биыл міндетті түрде октагонға оралып, промоушнның уақытша чемпионы Джастин Гэтжимен кездеседі.

«Хабиб ешқайда кетпейді. Оның әлі де мақсаты айқын, оған белгілі бір жетістікке жету керек. Екеуміз Дэйна Уайтпен келесі жекпе-жекті талқылап жатырмыз. Нурмагомедовты сегізбұрышта жыл соңына дейін көресіздер. Дэйна Хабибтің айқасқа дайын болған кезде бірден хабар беретініне сенімдімін. Біздің заманымыздың ең жақсы жекпе-жектерінің бірі - Нурмагомедов пен Гатжи кездесетін экшн-фильм болады.

Біз Хабибтің барлық қарсыластарына не істегенін және Джастиннің Тони Фергюсонды не істегенін тамашаладық. Хабиб-Гэтжи жекпе-жегін осы жылдың соңына дейін көресіздер», - деді Абдель-Азиз TMZSports YouTube арнасында жарияланған сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер