ММА

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша табыс тапты?

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі.

Бастапқы кардта бразилиялық Раулиан Пайвамен жекпе-жек өткізген қазақстандық Жалғас Жұмағұлов бұл кездесу үшін 12 мың доллар алған. Қарсыласының да сомасы сондай, бірақ Пайва салмағы шектеуден асып кетсек де, алатын ақшасының 20 пайызын Жұмағұловқа береді.

Бұдан бөлек коронавирус пандемиясы уақытында жекпе-жек өткізгені үшін 3500 доллар алды.

Еске салайық, қазақстандық уақытпен 12 шілдеде Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютін өткізіп, бразилиялық қарсыласына төрешілер шешімімен жол берген болатын. Бірақ бұл шешім мамандар мен жанкүйерлерге ұнамаған, себебі көбі қазақстандық файтердің жеңгенін айтып жатыр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер