Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютінде қанша қаражат тапты?

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютінде қанша қаражат тапты?

Спорттағы қаражат туралы Sportekz.com блогы UFC 251 турниріне қатысқан файтерлердің гонорар сомасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Express.co.uk басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, бастапқы кардта бразилиялық Раулиан Пайвамен жекпе-жек өткізген қазақстандық Жалғас Жұмағұлов бұл кездесу үшін 12 мың доллар алған. Қарсыласының да сомасы сондай, бірақ Пайва салмағы шектеуден асып кетсек де, алатын ақшасының 20 пайызын Жұмағұловқа береді. 

Еске салайық, қазақстандық уақытпен 12 шілдеде Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютін өткізіп, бразилиялық қарсыласына төрешілер шешімімен жол берген болатын. Бірақ бұл шешім мамандар мен жанкүйерлерге ұнамаған, себебі көбі қазақстандық файтердің жеңгенін айтып жатыр. 

Төрешілердің түсініксіз шешімі: Жұмағұлов жеңіліп қалды

«Жеңіс те, жеңіліс те Аллаһтың қалауымен». Жалғас Жұмағұлов жанкүйерлеріне жолдау жариялады

UFC 251: Бастапқы кардта өткен жекпе-жектердің нәтижелері

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или