ММА

Жұмағұлов UFC 251 турнирінің салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Жұмағұлов UFC 251 турнирінің салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті
news-banner7
mobile-news-top

Arlan MMA Pro командасының мүшесі, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-3) UFC 251 турнирінің алдында ресми салмақтан сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған іс-шара Абу-Дабидегі Яс аралында өтті. UFC-дегі көптен күткен дебют алдындағы салмақта Жұмағұлов 126 фунт (57,1 келі) көрсетті. Ал қарсыласы, 24 жастағы Раулиан Пайва салмақ өлшеу рәсімінен өте алмады, аса жеңіл салмақ шегінен 1,2 келі асып түсті. Жекпе-жек өтеді, алайда бразилиялық Жұмағұловқа өз сыйақысының 20%-н төлеуі керек.

UFC 251 турнирінің басты кардында жартылай орта салмақ дәрежесінде чемпион болған (77 келі) Камару Усман BMF титулының иегері Хорхе Масвидальмен кездеседі. Таразыда екі сарбаз да 170 фунт (77 келі) көрсетті.

Кештің негізгі жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион (66 келі) Александр Волкановски бұл салмақтағы бұрынғы чемпион Макс Холлоуэймен күш сынасады. Бұл спортшылардың да салмақтары бірдей болды - 145 фунт (66 келі).

Негізгі кардтың үшінші жекпе-жегінде ресейлік Петр Ян жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Хосе Алдомен кездеседі. Алдағы жекпе-жекте жеңіл салмақ дәрежесіндегі (62 келі) вакантты титул бәске тігіледі болады. Екі палуан таразыда 135 фунт көрсетіп, салмақ өлшеу рәсімін сәтті аяқтады.

Еске сала кетелік, Жалғас Жұмағұлов 12 шілдеде UFC 251 турнирінің бастапқы кардында бразилиялық Раулиан Пайвамен (19-3) күш сынасады. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-де өтеді. Турнирдің онлайн-трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер