Жұмағұлов UFC 251 турниріне қалай дайындалып жатқанын айтты
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов<span> «Вестник ММА» Youtube-арнасына сұхбат беріп, </span>UFC-дегі дебюттік кездесуі алдындағы жаттығу жұмыстары қалай өтіп жатқанын айтты, деп жазады Prosports.kz.
Аталған сұхбатында Жұмағұлов америкалық промоушеннің бәсекелестерінен ерекшеліктері жайлы және алдағы кездесуі жайлы, жекпе-жекке дайындық барысы туралы әңгімеледі.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 12 шілдеде<span> </span>UFC 251 турнирінде<span> </span>өнер көрсетеді. Жұмағұлов аталған кеште 24 жастағы бразилиялық файтер Раулиан Пайвамен жұдырықтасады. Жұмағұлов-Пайва жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-де өтеді. Жекпе-жек кешін<span> </span>Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады. Бұл кездесу елорда уақытымен сағат 08:00-де басталады