Mike’s MMA Picks: Жалғас Жұмағұлов оттан да өтуге дайын

Mike’s MMA Picks: Жалғас Жұмағұлов оттан да өтуге дайын

Mike’s MMA Picks твиттер-парақшасы қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен бразилиялық Раулиан Пайва арасындағы жекпе-жек тартысқа толы болады деп есептайді.

– Раулина Пайваның шеберлігі мен болашағынан көп үміт күтсем де, ол Жалғас Жұмағұлов есімді қиын қарсыласпен жұдырықтасады. Ол оттан да өтуге дайын жауынгер, - деп жазды.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 12 шілдеде UFC 251 турнирінде өнер көрсетеді. Жұмағұлов аталған кеште 24 жастағы бразилиялық файтер Раулиан Пайвамен жұдырықтасады. Жұмағұлов-Пайва жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-де өтеді. Жекпе-жек кешін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады. Бұл кездесу елорда уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или