«Барыстағы» швед хоккейшісі Қазақстан құрамасында ойнауға ниетті екенін айтты
«Барыстың» швед қорғаушысы Виктор Сведберг Expressen.se сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасы үшін ойыннан бас тартпайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Сіз сондай-ақ қазақстандық атануды жоспарлап отырсыз ба?
- Жағдайға қарай көреміз. Келісімшарт көктемде аяқталады. Бұл менің клубтағы үшінші маусымым, содан кейін қос азаматтық алу мүмкіндігі болады. Олардың ұсыныстарына да байланысты. Бірақ егер мұндай мүмкіндік пайда болса, мен оны міндетті түрде қарастырамын.
- Сонда ұлттық құрамада ойнауға мүмкіндік бар ма?
- Мен былтыр Швецияда ойнадым, бұл өте қызықты болды. Бірақ Әлем кубогында немесе Олимпиада ойындарында ойнасам керемет болар еді.
Еске салайық, «Барыс» швед хоккейшісімен 2018 жылдың желтоқсанында келісімшартқа отырды. Клуб үшін 56 ойын өткізді, 14 ұпай жинады (3+11).
Үш клуб ҚХЛ-ға қатысудан бас тартуы мүмкін. Олардың ішінде «Барыс» та бар
«Барыс» ҚХЛ-дың келесі маусымына қатыспауы мүмкін