Хоккей

«Барыс» ҚХЛ-дың келесі маусымына қатыспауы мүмкін

«Барыс» ҚХЛ-дың келесі маусымына қатыспауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Sport24.ru сайты Құрлықтық хоккей лигасының келесі маусымына дейін шетелдік клубтардың проблемаларын талқылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық «Барыс» бұл тізімге енгізілді, оған Қазақстандағы коронавирус пандемиясына байланысты шектеулер әсер етуі мүмкін.

«Барысқа» жақында жаңа бапкер келіп, өзгерістер болғанымен, олар келесі маусымға қатысу туралы нақты шешім айта алмай отыр. Жақында Қазақстан коронавирустың асқынуына байланысты шектеулерді қайтарып жатыр деген ақпарат пайда болды. Демалыс күндері алты ірі қалада қоғамдық орындар, сауда орталықтары мен фитнес-клубтар жабылды. Егер жағдай қалыпқа келмесе, елде спорттық жарыстарды өткізу қауіпті болады», - деп жазады БАҚ.

Айта кетейік, өткен маусымда «Барыс» Гагарин кубогының плей-офф кезеңінің екінші кезеңіне жеткен еді. Коронавирустың өршу қауіпіне байланысты маусым мерзімінен бұрын аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер