Хоккей

«Барыстың» оқу-жаттығу жиыны кейінге шегерілді

«Барыстың» оқу-жаттығу жиыны кейінге шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дің жаңа маусымы алдындағы оқу-жаттығу жиынын кейінге қалдырды, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда карантин шараларының енгізілгені себеп болған.

Клуб осы айдың ортасында елордада жиналуы керек еді. Енді жаттығу жиынын карантин аяқталғаннан кейін бастайтын болды. 3 шілдеге жоспарланған жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны да кейінге шегерілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елдегі эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер