Басқа

Карантин шаралары күшейтілді. Жарыстарды тоқтату қаупі бар

Карантин шаралары күшейтілді. Жарыстарды тоқтату қаупі бар
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Мемлекеттік комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, азаматтардың бірқатар әрекеттеріне тыйым салынды, оның ішінде:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық аспан астында (ауада) жаттығулар жасауға рұқсат ету.

Футболдан Қазақстан чемпионаты кеше, 1 шілдеде қайта жалғасты. Одан бөлек бірқатар спорт түрлерінен ұлттық құрама мүшелері де жаттығу жұмыстарын бастаған болатын.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі өршуінің алдын алу мақсатында 2 апталық шектеу шаралары енгізіліп отыр. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин ұзартылуы да мүмкін.

Ең маңыздысы - қала аралық және халықаралық әуе рейстер жұмыс істейді.

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер