Қазақстанда туған футболшыдан коронавирус табылды

Қазақстанда туған футболшыдан коронавирус табылды

Қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазір беларусьтік «Динамо» сапында ойнайтын Михаил Гордейчук коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі By.tribuna.com сайтына сілтеме жасап.

«Брестік «Динамода» коронавирус жұқтырғандар саны 15-ке жетті. Бұл тізімде он футболшы бар: Лаптев, Хачериди, Садовский, Милевский, Витус, Кривец, Гордейчук, Юзепчук, Нойок және Игнатович. Соңғы үшеуі ауруханада жатыр. Қалған бесеуі - қызметкерлер», - деп жазылған басылымда.

Қазақстанда туған Михаил Гордейчук «Тобылдан» былтырғы маусымның соңында кеткен болатын. Қостанайлық клуб сапында ол 20 матч өткізіп, үш гол соққан.

<h4>Коронавирус: Беларусьтік клубтың футболшысы жасанды тыныс беру аппаратына қосылды</h4> <h4>NHL клубының төрт хоккейшісінен коронавирус анықталды</h4> <h4>Коронавирус жұқтырған Роберто Дюран ауруханадан шықты</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или