Масвидаль мен Усман UFC 251 турнирінде жекпе-жек өткізуге келісті

Масвидаль мен Усман UFC 251 турнирінде жекпе-жек өткізуге келісті

ESPN арнасының тілшісі Ариэль Хелвани твиттер парақшасында Хорхе Масвидаль мен Камар Усман жекпе-жек өткізуге келісті. 

– Усман мен Масвидаль жекпе-жек өткізуге келісті. Әлі шешілмеген көп сұрақ барына қарамастан жекпе-жектің өтетіні анық, - деп жазды журналист.

Жартылай орта салмақта UFC рейтингінің көшін бастап тұрған Гилберт Бёрнс коронавирус жұқтырып, турнирге қатысудан бас тартқан. Енді оның орнына Хорхе Масвидаль мен Камар Усманға қарсы жұдырықтасады деп күтілуде. 

Айта кетейік, UFC 251 турнирі Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралында өтеді. Аралас кешінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов та октагонға шығады.<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или