Футзал

«Қайрат» екі қазақстандық футзалшымен жаңа келісімшартқа отырды

«Қайрат» екі қазақстандық футзалшымен жаңа келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

Алматының «Қайраты» Қазақстан құрамасының ойыншылары Біржан Оразов және Дәурен Тұрсағұловпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жаңа келісімшарт 3 жылға (2023 жылға дейін) жасалған. Биылғы маусымда Біржан Оразов 15 матч өткізіп, 12 гол соқса, Дәурен Тұрсағұлов 16 ойында 14 доппен көзге түскен.

Бұған дейін «Қайрат» әлемнің үздік ойыншыларының бірі Фабрицио Бастезинимен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді. Гадейя лақап атымен танымал футболшы Бразилия құрамасының ойыншысы. Мансабында Бразилияның «Копагрил» (2009-2012) мен «Интелли» (2013-2016) және Испанияның «Интер Мовистар» (2012/2013, 2017-2020) командаларында өнер көрсеткен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер