Әлемнің үздік ойыншыларының бірі «Қайратқа» қосылды

Әлемнің үздік ойыншыларының бірі «Қайратқа» қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Алматының «Қайрат» футзал клубы әлемнің үздік ойыншыларының бірі Фабрицио Бастезинимен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Гадейя лақап атымен танымал футболшы Бразилия құрамасының ойыншысы. Мансабында Бразилияның «Копагрил» (2009-2012) мен «Интелли» (2013-2016) және Испанияның «Интер Мовистар» (2012/2013, 2017-2020) командаларында өнер көрсеткен.

Фабрицио Бастезини УЕФА Кубогын (2017, 2018) және Испания чепмионатында екі мәрте топ жарған. Бразилия құрамасының сапында 2011 жылы Америка Кубогында жеңіске жетті.

2017 жылы Алматыда өткен УЕФА Кубогында Гадейя «Интер Мовистар» командасының сапында жеңімпаз атанды. Финалда Фабрицио Бастезини «Спортинг» қақпасына гол соғып, командасының жеңісіне үлесін қосқан. Сондай-ақ, бразилиялық футболшы 2015 және 2018 жылдары әлемнің үздік ойыншылары қатарына енді.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты тамызда жалғасады

«Қайрат» АФК мен Кака жаңа келісімшартқа қол қойды

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер