Хирн: Головкин — «Канело» жекпе-жегін жыл соңына дейін өткізуіміз керек

Хирн: Головкин — «Канело» жекпе-жегін жыл соңына дейін өткізуіміз керек

Британдық промоутер Эдди Хирн қазір DAZN ағындық сервисімен бірге АҚШ-тағы бокс кештерін қайта бастау туралы талқылауда. Ол танымал боксшылар мен жақсы бәсекелестік жекпе-жектер өткізілетін бокс кештерінің тартымды сериясымен көрермендерге орала аламыз деп үміттенеді, деп жазады Prosports.kz.

Хирннің айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты үзілістен кейін көрерменге шынымен қызықты жекпе-жек беру керек.

Олар бокстың алғашқы кешін тамыздың ортасында өткізуді жоспарлап отыр, онда жартылай орта салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпиондары Регис Програс пен Морис Хукер өнер көрсетеді, қыркүйек айында Хирн Хуан Франциско Эстрада мен Роман Гонсалес арасындағы жеңіл салмақ дәрежесінде біріктіретін жекпе-жекті жоспарлайды, содан кейін бірқатар қызықты шайқастар өткізуге бекініп отыр. Ол ішінде:

- WBC жеңіл салмақтағы чемпионы Девин Хэйни мен Люк Кэмпбеллдің жекпе-жегі;

- орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде және орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс жекпе-жегі;

- орта салмақта WBA чемпионы Каллум Смит пен Дэниэл Джейкобс жекпе-жегі;

- Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің үшінші жекпе-жегі.

«Менің ойымша, DAZN платформасында, бізде үш флагман бар: Энтони Джошуа, Сауль Альварес және Геннадий Головкин. Бұл бокстағы ең үлкен үш есім, сондықтан бізге осылар қатысатын үш жекпе-жектің кестесін құру керек», - деді Хирн. Бокс Podcast. Біз Головкин - Альверас триологиясын осы жылдың соңына дейін өткізуіміз керек. Көрерменге әдеттегідей гөрі жақсы өніммен оралуымыз шарт».

 

<h4>2020 жылғы ТОП-5 жекпе-жек: Тізімде GGG - «Канело» трилогиясы да бар</h4> <h4>Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін</h4> <h4>«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или