ММА

Хабиб Нурмагомедов әкесінің денсаулығы туралы хабарлады

Хабиб Нурмагомедов әкесінің денсаулығы туралы хабарлады
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC-дің қазіргі чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың жаттықтырушысы Хавьер Мендес Абдулманап Нурмагомедовтың денсаулығы туралы айтты.

Еске салсақ, 57 жастағы Хабибтің әкесі Мәскеудегі ауруханалардың бірінде жатыр, оның жағдайы ауыр деп хабарланған еді.

«Үш күн бұрын Хабиб әкесінің жағдайы жақсарып, қалпына келе жатыр деген хабарлама қалдырды. Әрине, алаңдаймын. Мен осындай керемет адамның сауығып кетуін қалаймын», - дейді Мендес ТАСС-қа сілтеме жасай отырып.

Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы тек ұлымен ғана емес, сонымен қатар Ресейдің белгілі UFC файтерлерімен де жұмыс істейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер