Алматыда «Аякстың» академиясы ашылды

Алматыда Голландияның «Аякс» футбол клубының серіктестігімен Халықаралық футбол академиясы ашылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Халықаралық футбол академиясының ашылуына орай Алматыға "Аякс" (Амстердам, Нидерланд) футбол академиясының да өкілдері келді. Сондай-ақ, салтанатты шараға Қазақстан футбол федерациясының Алматыдағы өкілдігінің директоры Виктор Катков пен ҚФФ Балалар-жасөспірімдер бөлімінің маманы Игорь Утробин де қатысты. ЦСКА спорттық базасында 10-12 жастағы балғын футболшылар алдымен "Аякс" академиясының жаттықтырушысы Патрик Ладрудың жетекшілігімен жаттығу өткізіп, көпшілікке өнерлерін көрсетті. Ал жаттығу барысында жеткіншектердің ойынына көңілі толған голландиялық маман қазақстандық балғын футболшылардың физикалық әлеуеттері мен футболға деген құлшыныстарын атап өтті. Сондай-ақ, жаттығу процессін сырттан бақылап тұрған жергілікті мамандар да өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, "Аякс" жаттығу методикасының өте пайдалы, балалар үшін ыңғайлы, әрі қарапайымдылығын атап өтті.

Жаттығу аяқталған соң «Интерконтиненталь» қонақүйінде журналистерге арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, оған шетелдік қонақтар мен жергілікті мамандардың барлығы қатысты. Мәслихат барысында БАҚ өкілдеріне Академияның алдағы жоспарлары таныстырылып, бұл жобаның ел футболына серпін беретініне сенімдерін білдірді.

Айта кетейік, Амстердамның "Аякс" академиясы бүгінде әлемдегі ең үздік футбол фабрикаларының бірі ретінде танымал. Мұнда әлемдік деңгейдегі футболшылардан бастап, небір танымал бапкерлер де түлеп ұшқан.

"Аякс" академиясынан түлеп ұшқан футбол аңыздары: Йоханн Кройф, Маркован Бастен, Франк Райкард, Эдвин ван дер Сар, Деннис Бергкамп, Эдгар Давидс, Патрик Клюйверт, ағайынды Роналд және Франк де Бурлар, Кларенс Зеедорф және басқалар. Бертін келе "ақ-қызылдар" мектебі әлемге Златан Ибрагимович, Рафаэль ван дер Ваарт, Уэсли Снейдер, Найджел де Йонг сынды көптеген саңлақтарды сыйлады.

kff.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или