ММА

Асу Алмабаев: Арманым - M-1 Global белбеуіне толық ие болып, UFC ұйымына жол тарту

Асу Алмабаев: Арманым - M-1 Global белбеуіне толық ие болып, UFC ұйымына жол тарту
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның үздік файтерлерінің бірі, M-1 Global тұжырымының (56 кг) уақытша чемпионы Асу Алмабаев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында карантин кезіндегі жаттығулары, сонымен қатар еуропалық ММА лигаларының өзіне деген қызығушылығы туралы айтты.

Өткен жылдың қазан айында Алмабаев M-1 Challenge 105 турнирінде тамаша өнер көрсетіп, аралық жеңіл салмақ дәрежесінде чемпиондық атақты жеңіп алды. Осындай сенімді жеңістен кейін файтер 2018 жылдың қарашасынан бері октагонға шықпаған, белбеудің толыққанды иесі Александр Доскальчукпен кездесуге тиіс болатын. Нәтижесінде жекпе-жек өтпей қалды, өйткені украиналық спортшы наурыз айында UFC ұйымымен келісімшартқа отырды.

Белгілі болғандай, ресейлік компания осы жылдың шілдесінде Асу Алмабаев қатысатын турнир өткізуді жоспарлаған. Бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты промоушн ic-шарадан бас тартты, алдағы турнирлердің өту уақыты әлі белгісіз.

- Асу, карантин кезіндегі жаттығу жұмыстары қалай өтті?

- Жаттығуларым негізінен ашық аспан астында өтті. Оларды толыққанды жаттығу деп айтуға келмейді, өйткені жақын уақытта жоспарланған турнир жоқ. Салмаққа келетін болсақ, онымен ешқандай проблемалар болмады, өйткені бұл біздің жұмысымыз. Тек M-1 Global-дан жауап күтемін.

- Доскальчук UFC құрамына өтті, ал сіз уақытша чемпионсыз. Неліктен компания сізді нағыз чемпион деп жарияламады?

- Мен бұл туралы білмеймін, мені қызықтырмайды. Сұрақты соларға қою керек. Наурыз айында олар маған 2 шілдеде жекпе-жек ұсынған, бірақ кейінірек халықаралық рейстер тоқтатылғандықтан, турнирді өткізбеуге тура келді. Әлі де компаниядан жаңалық күтемін. Алдағы турнирлерге келетін болсақ, ештеңе белгісіз. Егер M-1 Global олар мені жекпе-жектермен қамтамасыз етпесе, басқа промоушндардың өткізетін турнирлеріне қатысуға құқығым бар.

- Келісімшартта сондай мүмкіндік бар ма?

- Иә. Қазір еуропалық промоушндардан ұсыныстар түсіп жатыр. М-1 Global чемпиондық атағына ие болып, ары қарай UFC-ге жол тартқым келеді.

- Титулдық жекпе-жекте сіздің болашақ қарсыласыңыз кім болуы мүмкін?

- Қарсылас қазірдің өзінде анықталып қойды, ол - бразилиялық Кайк Аленкар. Ол менімен кездескісі келетінін айтты. Асыға күтемін. Алты айдан астам уақыт октагонға шыққан жоқпын.

- Келісімшарт бойынша қанша жекпе-жек қалды?

- Келісім бойынша әлі үш жекпе-жек бар. Келісімшарт біткен соң, мен басқа ұйымға бара аламын. Келісімшартты ұзартпауыма да болады, бірақ компания биыл турнир өткізбейді, бірақ біз қашанда белсенді болуымыз керек. Ең бастысы - жарақатсыз жаттығу.

- Жақында Шавкат Рахмонов, Жалғас Жұмағұлов және Мария Агапова UFC аясында дебют жасайды. Біздің файтерлердің америкалық промоушндағы мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?

- Менің ойымша, олар UFC-де өздерін жақсы көрсетеді. Жұмағұлов пен Рахмонов - чемпиондар. Мен Агапованың жекпе-жегін көрген емеспін, бірақ біздің спортшылар өздерін жақсы көрсететініне сенімдімін.

- Артем Резников пен Юсуф Раисов арасындағы матчты белсенді түрде насихатталып жатыр. Резниковтың осы шайқаста жеңіске жету мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

- Иә, қызу жүріп жатыр. Артемге бұл жекпе-жек мол мүмкіндік сыйлайды, өйткені Раисов - аса күшті қарсылас, бірақ Резниковтың дайындығы жақсы. Дәл қазір жекпе-жек ұйымдастыратын тамаша уақыт туып тұр. Резников АСА-да екі жекпе-жекте жеңіске жетті, енді бәрін октагон көрсетеді. Раисов та - өте тәжірибелі файтер, оны бағалау керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер