ММА

«Ішіп кеткен шығар». Гэтжи МакГрегордың спорттан кеткені туралы

«Ішіп кеткен шығар». Гэтжи МакГрегордың спорттан кеткені туралы
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының уақытша чемпионы, америкалық Джастин Гэтжи ирландиялық Конор МакГрегордың мәнсабын аяқтауы оның ішімдікке салынып кетуіне байланысты екенін болжады, деп хабарлайды Prosports.kz РИА «Новостиге» сілтеме жасап.

«Үлкендердің үйде отырғаны жақсы. Бірақ бұл жігіт тағы да ішіп кеткен сияқты», - деп жазды Гэтжи Twitter желісіндегі микроблогында.

Еске сала кетелік, МакГрегор 7 маусымда үшінші рет өзінің мансабын аяқтайтынын жариялады. Соңғы рет UFC экс-чемпионы 2019 жылдың наурызында спорттан кететінін мәлімдеген, бірақ ол «қайта оралып», биылғы жылдың қаңтарында америкалық Дональд Серронені нокаутпен жеңді. 31 жастағы ирландиялық жалпы 26 жекпе-жек өткізіп, оның 22-нде жеңіске жеткен және 4 мәрте жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер