Велоспорт

«Астананың» үздік шабандозы командадан кетуі мүмкін

«Астананың» үздік шабандозы командадан кетуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» капитандарының бірі, колумбиялық шабандоз Мигель Анхель Лопес осы маусымда командадан кетуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

26 жастағы шабандозға Bora-Hansgrohe клубы қызығушылық танытып отыр.

Wielerflits.be сайтының хабарлауынша, «Астана» қаржылық қиындықтарға тап болды. Биыл жыл басынан бері жалақы төлеуде проблемалар туындады. Нәтижесінде, шабандоздар мен қызметкерлер қаңтар мен ақпан айларында жалақсын уақытында ала алмады.

Оның үстіне сәуір айының басында «Астана» коронавирус пандемиясына және жарыстардың тоқтатылуына байланысты велошабандоздар мен қызметкерлердің жалақысын 30% төмендетуге мәжбүр болды. Ал Лопеске бұл жағдай ұнамайды, ол табысының қауіпсіз болғанын қалайды. Сол үшін де неміс клубының ұсынысын қабыл алуы мүмкін.

Лопес кәсіби мансабын бес жыл бұрын «Астанада» бастаған. Осы уақыт ішінде ол екі рет Гранд-турда («Джиро д’Италия», «Вуэльта», 2016) үздік шықты. «Швейцария турын» (2016), «Каталония Вуэлтасын» (2019) және «Колумбия турын» (2019) жеңіп алды.

Айта кетейік, биыл колумбиялық шабандоздың «Астанамен» келісімшарт мерзімі аяқталады.

«Астана» құрып кетуі мүмкін». Бас менеджер командаға төнген қауіп туралы айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер