Велоспорт

«Астана» құрып кетуі мүмкін». Бас менеджер командаға төнген қауіп туралы айтты

 «Астана» құрып кетуі мүмкін». Бас менеджер командаға төнген қауіп туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Astana Pro Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Cyclismactu.net сайтына берген сұхбатында халықаралық күнтізбедегі үзіліс ұзаққа созылса, қазақстандық команданың жойылып кету қаупі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз команда мен демеушілер арасында барынша жұмыс жасадық. Қазақстанда да бүкіл әлемдегідей, мұнай мен валютаға қатысты қиындықтар туындап отыр. Осы жылы команданы сақтап қалуымыз керек, алайда жарыстар болмаса, қиындықтардың болары анық. Жарыс болмаған кезде менің командама қауіп төне ме? Менің ойымша, басқа командалар сияқты бізге де қауіп төнбек. Демеушілер жарыс тамашалағылары келеді, егер жарыстар болмаса, келесі жылы командамен қош айтысамыз деп ойлаймын», - дейді Винокуров.

Еске сала кетейік, наурыз айының ортасынан бастап коронавирус пандемиясына байланысты барлық велосипед жарысы тоқтады, кейбіреуі кейінге қалды. Маусым 1 тамызда «Страда Бьянка» жарысымен қайта жалғасады деп жоспарлануып отыр.

Наурыз айының соңында «Астана» басшылығы велошабандоздар мен команда қызметкерлерінің жалақысын үштен бір бөлігіне төмендеткенін хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер