ММА

«Өлім аузында». Тагир Уланбеков Хабибтің әкесі туралы айтты

«Өлім аузында». Тагир Уланбеков Хабибтің әкесі туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік ММА сарбазы Тагир Уланбеков өзінің жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедовтың әлі ауыр халде екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен оның жағдайы ауыр деп айтайын. Біз ол үшін дұға етеміз, Аллаһ Тағаладан оны тезірек бізге оралуын сұраймыз, Абдулманап Магомедұлы әлі-ақ сауығып кетеді және біз оның басшылығымен одан әрі жұмыс істейміз.

Қандай болжам жасауға болады, нақты ештеңе біле бермеймін. Оның жағдайын мезгіл-мезгіл сұрап отырмын. Қиын дейді. Яғни, үш аптадан бері ештеңе өзгерген жоқ», дейді Уланбеков.

Хабибтің Нурмагомдовтың әкесі сәуір айының соңында ауырған. Мамырдың басында ол Мәскеудегі ауруханаға жеткізілді. Жаттықтырушының жағдайы ауыр. БАҚ-тың хабарлауынша, 57 жастағы Нурмагомедов коронавируспен ауырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер