«Бейбарыс» шабуылшысы ресейлік клубқа ауысты

«Бейбарыс» хоккей клубының шабуылшысы Андрей Иванов Рязань 2020/2021 жылғы маусымнан бастап «Рязань» командасында өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.
Ярославль хоккей мектебінің түлегі «Бейбарыста» 2018 жылдан бастап бақ сынап жүр. 2018/2019 жылғы маусымда ол атыраулық командамен бірге Қазақстан чемпионы атанды. Ал 2019-2020 жылғы маусымда Иванов Қазақстан чемпионатында 56 матчқа қатысып, 17 (8+9) ұпай жинады.
Андрей Иванов мансабында <span>«Газовик» (Тюмень), «Капитан» (Ступино), ТХК (Тверь), «Ижсталь» (Ижевск), «Торпедо» (Өскемен), «Горняк» (Рудный) командаларында өнер көрсеткен. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или