ММА

UFC-дің екі бірдей турнирі өтпейді

UFC-дің екі бірдей турнирі өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым саналатын UFC алдағы екі кешін өткізбейтінін мәлімдеді.

Коронавирус пандемиясының белең алуына байланысты UFC 20 маусымда Канаданың Саскатун қаласында және 27 маусымда Американың Остин қаласында өткізуді жоспарланған жарыстарынан бас тартты.

Іс-шараның өтпеуіне қоғамдық шаралар мен сапарларға шектеу қойылуы себеп болған. Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт келесі турнир 30 мамырда Лас-Вегаста өтетінін растаған еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер